18:06, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Астанада Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының ядросы қалыптасуда
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының ядросы қалыптасуда. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Елорда Қазақстан үшін тепловоздар, вагондар, тікұшақтар және күн батареяларының модулдерін шығаратын мүлдем жаңа өнеркәсіп салаларының негізгі ортасына айналды», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Астана отандық құрылыс саласының да серпінін қамтамасыз ететін қуатты құралға да айналып отыр. 15 жылдың ішінде елордада 11 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынып, мыңдаған отбасы жаңа пәтерге ие болды.