Астанада «Қазақтың ары» атты кітап жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Астана қаласындағы «Жасыл Орда» баспасынан филология ғылымдарының кандидаты Ахат Нұртастың «Қазақтың ары» атты кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты.

Астанада «Қазақтың ары» атты кітап жарық көрді

Кітапта қазақ ұлтының рухани қазынасы - рух, намыс, сана, тіл, сенім сияқты категорияларына талдау жасалған. Бүгінгі заманауи талаптарға орай қысқа да нұсқа жазылған туындыда қазақ жастарына үлгі боларлық тұжырымдамалық мақсат пен міндеттері арқылы бағыт берілген.

«ХХІ ғасыр постиндустриялдық қоғамның даму үрдісіне орасан зор өзгерістерді ұсынып отыр. Осы орайда қазақ қоғамы интеграцияланған әлемде қандай орын алады, киберкеңістік, виртуалды тіршілік ұсынған талаптарға қалай даяр болады деген сұрақтарға жауап іздеген кезең басталды. Осы кітапта сол мәселелердің бас қозғалды», - дейді автор.

Сонымен қатар, ертең, яғни 16 мамыр күні Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында автордың «Қазақтың ары» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне арналған «Ар» рухани-танымдық кеші өтеді. Кешке елімізге танымал ақындар Қалқаман Сарин, Ұларбек Дәлейұлы, Ерлан Жүніс және Бауыржан Қарағызұлы қатысады.