Астанада «ҚазЭнерджи» қауымдастығының имидждік саясаты жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «ҚазЭнерджи» қауымдастығының имидждік саясаты жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті,

  Астанада «ҚазЭнерджи» қауымдастығының имидждік саясаты жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырысқа еліміздегі мұнай, газ саласындағы компаниялар мен кәсіпорындардың баспасөз қызметі мен қоғаммен байланыс бөлімдерінің өкілдері қатысты. Олар үйлестіру кеңесінің ұйымдастыру шараларына қатысты, атап айтқанда кеңестің құрылымына өзгерістер енгізу мәселесін сөз етті. Сонымен қатар мәжіліс барысында «ҚазЭнерджи» қауымдастығының 2009 жылға арналған имидждік шараларының жоспары талқыланды. Басқосуда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Ғалым Тұмабаев жиналғандарды ағымдағы жылға жоспарланып отырған «Қазақстан мұнайының 110 жылдығы» жобасымен таныстырды. Сондай-ақ онда Қазақстан мұнайының 110 жылдығына арналған мұражайдың ұйымдастырылуына қатысты атқарылып жатқан шаралардың барысы талқыланды. Отырысқа қатысушылар осы мәселелер бойынша өздерінің ұсыныс, пікірлерін ортаға салып оған қатысты өзара пікір алмасты.