Астанада ҚАЖ қызметкерлері соғыс ардагерін 95 жылдығымен құттықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге орай ҚАЖ Ардагерлер кеңесі мен елордалық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері 95 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері және бұрынғы әріптесі Андрей Федорович Четвериковпен кездесті, деп хабарлады Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінен.

Астанада ҚАЖ қызметкерлері соғыс ардагерін 95 жылдығымен құттықтады (ФОТО)

Соғыстан кейін 1945 жылдың ақпан айынан 1971 жылдың шілдесіне дейін Андрей Федорович ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Құрметті демалысына Ақмола облысы Степногор қаласындағы колония бастығының кезекші көмекшісі қызметінде шықты. А.Четвериков Отан соғысы мен Қызыл жұлдыз ордендерімен, Германияны жеңгені үшін, Мәскеуді қорғағаны үшін және т.б. медальдармен марапатталған.

«Астана қалалық ҚАЖ департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жаңаөмір Жамалов құттықтау барысында ардагердің соғыс жылдарындағы ерлік жолын атап өтіп, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Сөз соңында Ж.Жамалов Андрей Федоровичке «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» медалін, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың грамотасын және ақшалай сыйлығын табыстады», - деп атап өтті Астана қалалық ҚАЖ департаментінен.