Астанада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтті.

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Шараға Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың спортшылары, орта мектеп, «Жас Ұлан» оқушылары мен балалар үйлерінің жеткіншектері қатысты.

Кеш басында жас спортшылары гимнастика, бокс, таэквондо, грек-рим күресінен көрсетілімдер ұсынды. Еске алу кешінде жауырыны жерге тимеген қазақ даласының батыры туралы танымдық бейнебаяндар көрсетілді.

«Тарихи тұлғалар» жобасы аясында өтетін іс-шараның басты мақсаты - Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы деректермен таныстыру, жас ұрпақты ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру.

«Қажымұқан Мұңайтпасов секілді атақты тұлғаның сол кездердегі жетістіктерімен бүгінгі жас ұрпақ мақтана алады. Оның өмірі бүгінгі жастар үшін үлгі. Ол өзінің ұмтылысымен әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерді көрсетті. Бүгінде көптеген спорттық нысандарға Қ. Мұңайтпасовтың есімі берілген. Осы ретте күрес үйірмелеріне келген әрбір бала бірінші кезекте аты аңызға айналған Қажымұқанды үлгі тұтып, өзін дамытады»,-деді грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

null null null null null null