Астанада «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діни дүниетанымның рухани, мәдени және өркениеттік негізі» тақырыбында ғылыми семинар өтеді

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 17 сәуірде Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діни дүниетанымның рухани, мәдени және өркениеттік негізі» тақырыбында ғылыми семинар өтеді.

Астанада «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діни дүниетанымның рухани, мәдени және өркениеттік негізі» тақырыбында ғылыми семинар өтеді

Семинарда Қазақстан қоғамындағы діни ахуалға талдау жасай отырып, елімізде діни тұрақтылықты баянды етудің жан-жақты жолдары қарастырылады.

ОғанМәдениеттер және діндер орталығы, Дін істері агенттігі, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, діни орталықтар және т.б. руханият саласындағы ғалымдар қатыспақ.

Бұл шараны  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырып отыр.