Астанада қазіргі заманғы өнер шеберлерінің «АртДала» атты бірегей көрмесі өтеді

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 12 қазанда Астанада қазіргі заман суретшілерінің «АртДала» атты бірегей көрмесі өтеді.
None
None

Шеберлердің қолөнер бұйымдары бүгінгі күндері де өз маңыздылығын жоғалтпай, халық арасында әрқашан да танымал және үлкен сұранысқа ие болып келеді. Олар жоғары сапасымен қатар орындалу мәнері, дара көркемділігімен ерекшеленеді. Қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарды дайындауда қазіргі заманғы  түрлі материалдар мен өзіндік технологияларды тиімді ұштастыруға ден қояды. Аталған көрмеде бейнелеу және қолданбалы өнердің әртүрлі жанрлары кеңінен қамтылған. Атап айтқанда, отандық қылқалам шеберлерінің туындыларынан құралған экспозицияда фотоарт, көркемсурет, графика, нысандар, инсталляция сынды қазіргі заман өнерінің түрлері ұсынылмақ.  

Әрбір суретшінің шығармашылығын халқымыздың қазіргі өмірінен салынған ұлттық айшықтар, қазақтардың күнделікті тіршілігінің, табиғаттың, тұрмыстың көркем көріністері, кескіндемелік тілдің шуақты жарқын бояулары, ойдың пайымдық толғамдары, түстік шешімдердің қанықтылығы және өзге де алуан сырлы, сындарлы сипаттар айшықтайды.

Смаил Байәлиев , Саид Атабеков сынды шеберлердің өнерлері қазақ халқының табиғатпен байланысын көрсетеді. Қазіргі заман адамдарының халықтық салтпен арадағы байланысы - көрменің негізгі тақырыбы болмақ.

Ұйымдастырушысы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Көрме 12 қазан күні Астанадағы «Көрме» кешенінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар