Астанада кеміргіштерге қарсы күрес екі маусымда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада кеміргіштерге қарсы күрес 2026 жылы екі маусымда — көктемде және күзде жүргізіледі. Көктемгі дератизациялық жұмыс қазірдің өзінде жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

кеміргіштерге қарсы күрес
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазіргі таңда жабық станцияларда дератизация жұмысы толық аяқталып, 28 мың жеке тұрғын үй өңделген. Ашық аумақтардағы жұмыстар 1-15 мамыр аралығында 8 мың гектар аумақта жүргізіледі.

Жеке сектор (тұрғын алаптар) және ашық аумақтар (саябақтар, өзен арнасы, су айдындары, каналдар, зираттар) өңделеді.

Жеке сектор тұрғындарына уланған жемдер тегін таратылып, сол жерде қауіпсіздік бойынша нұсқаулық жүргізіледі.

— Дератизация Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген препараттарды қамтитын дәнді уланған жемдер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін қажет, — делінген хабарламада.

Бұған дейін елорданың барлық ауданында қала ортасындағы кеміргіштердің санын реттеу мақсатында жоспарлы дератизациялық шаралар жүргізіліп жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар