Астанада кен игерушілердің денсаулығын қорғау мәселелері талқылануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елордада «Хризотил және қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференция қатысушылары - Қазақстан, Ресей, Беларусь және басқа да ТМД елдеріндегі хризотил өнеркәсібінің өкілдері жұмысшылардың денсаулығын қорғауға арналған жаңа тәсілдерді енгізу қажеттілігін және экономиканың кен игеруші секторының барлығында, соның ішінде хризотил өнеркәсібінде барынша тиімді қауіпсіздік жүйелерін қалыптастыру мәселесін ортаға салуда.

Конференцияда ғалымдар, кәсіподақ көшбасшылары өндірісті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері, жаңа технологиялар мен хризотил-асбестті қолдануды бақылау қағидаларын ендіру жайлы баяндамаларын таныстырып жатыр. Медициналық сарапшылар хризотил өнеркәсібінде еңбек ететіндердің денсаулығын қорғаудың қазіргі және келешектегі әдістері жайлы әңгімелеуде.

 «Қазіргі таңда Қазақстанның хризотил-цемент саласы 220 мың тоннадан аса хриозотил талшығын, 5 млн. шифер табағын және 7 700 тонна асбест-цемент құбырын өндіреді. Жыл сайын хризотил-асбест негізінде (хризотил-асбест, шифер және құбырлар) 20 млрд. теңгеден аса сомаға тауарлық өнім шығарылады. Саладағы жұмысшылардың еңбегін қорғауға (соның ішінде медициналық тексеру, арнаулы киім және оны өңдеу, арнайы сүт, жеке қорғаныс заттары, міндетті сақтандыру және т.б.) жыл сайын 102 млн. теңгеден аса қаржы бөлініп отырады», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптің қауіпсіздік комитеті Құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Асқар Сағиданов.

Екі күнге созылатын конференция жұмысының нәтижесі бойынша ұжымдық шешімдер дайындалып, ТМД елдерінің хризотил-асбест саласындағы жұмысшыларының жағдайын жақсартуға және денсаулығын сақтауға, өндіріс тиімділігін көтеруге арналған іс-қимылдарды мақұлдастыру жөнінде ортақ қарар қабылданады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар
telegram