Астанада Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына арналған конференция өтуде

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына арналған «Қазақстандағы патриотизм: тарих және бүгінгі жағдай» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конференцияға Ауған соғыстарының ардагерлері ? генерал-майор, әуе полкының командирі Тұрар Нұрғалиев, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, Ауған соғысының ардагері Асқар Жұмаділханов және басқа да интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олар Ауған соғысындағы интернационалист-жауынгерлердің батырлық істері, оның ішінде «мұсылман батальонының» ерлігі, сондай-ақ бүгінгі қазақстандық патриотизм мәселесін талқылады. «Жалпы, Қазақстан тәуелсіздігінің тамыры терең жатқандығын бәрі жақсы біледі. Мемлекетіміз егемендік алғанға дейін де әртүрлі соғыстарға қазақ әскерлерінің де қатысқандығын ескертетін болсақ, бүгінгі тәуелсіз күндеріміз осы азаматтардың ерлігі мен батырлығы арқасында келді деп түсінуге болады. Сондықтан тарихта өзінің орны бар Ауған соғысына қатысқан қазақстандық азаматтарға бүгінде ел басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп келеді», - деді профессор, конференцияның модераторы Дихан Қамзабекұлы. Айта кетейік, бүгінде елімізде 15-18 мың интернационалист-жауынгер бар. Олардың 3 мыңы Астана қаласында тұрады. Қазіргі кезде осындай интернационалист-жауынгерге ел Үкіметі тарапынан жан-жақты көмек көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, Елбасы Н. Назарбаев интернационалист-жауынгердің бірі, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа «Халық Қаһарманы» атағын берсе, Астана қаласы әкімдігі елордадағы интернационалист-жауынгерлерге бірнеше пәтер бөліп отыр.
Соңғы жаңалықтар