Астанада кептелістерді азайту үшін ITS электронды жүйесі енгізіледі - Астана әкімі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгін eGov.kz сайтында астаналықтармен өткізген онлайн-конференция барысында қала көшелеріндегі кептелістерді азайтудың нақты шаралары туралы айтып берді.
None
None

«Астанадағы көлік кептелісін азайту бірнеше жолдар арқылы атқарылуда: а) айналма жолдардың салынуы, соның ішінде шағын айналма жолдарды дамыту - бүгінгі таңда Бейсекова - Сығанақ - Қошқарбаев - Ақжол көшелерінде осындай жолдар салынды. Шағын айналма жолды салу қаражаттың бөлінуіне қарай 2016-2020 жылдары да жалғасады», - делінген Ә.Жақсыбековтің жауабында.

«Келесі көшелердегі жол айырымдарының құрылысы және кептелісі көп көше қиылыстарында оң жақ бұрылыстарын салу. в) ITS (интеллектуалды көліктік жүйе) электронды жүйелерін енгізу. 2015 жылы аталмыш жүйенің Сарыарқа - Тұран - Қонаев - Достық - Сығанақ - Сарайшық көшелерінде бірінші кезеңі енгізілді. Қазіргі уақытта 114 көшеге 2-ші кезеңін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. г) Орталық көшелерде жүк көліктеріне тыйым салу», - деп атап өтті әкім.

Соңғы жаңалықтар
Референдум