18:21, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада кеуденің созылмалы обструктивті ауруларына қатысты конференциясы өтеді
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанада «Антибиотикорезистенттік проблемалары. Кеуденің созылмалы обструктивті ауруларын және өкпе демікпесін емдеудің қазіргі заман стратегиялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мамырдың 6-сы және 7-сі күндері өтетін конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстанның респираторлық қоғамының және Еуразиялық респираторлық қоғамының қамқорлығымен өткізілгелі отыр. Оның жұмысына Ресей респираторлық қоғамының президенті, Ресейдің медициналық ғылым академиясының академигі А. Чучалин, ресейлік профессорлар И. Андреева, С. Авдеев, В. Архиповтар қатысады.