Астанада кейбір автобустардың жүру бағыты өзгерді
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада №9 және №23 автобустардың бағыты өзгерді.
№37 бағыттағы автобустың тоқтатылуына орай және Жібек жолы мен Интернациональный тұрғын алабтарын көлік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап №9 және №23 автобустардың бағытын өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы astana.kz сайтына Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Бұдан былай №9 бағыттағы автобус «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі - Абылай хан даңғ. - Рысқұлбеков к-сі - Құдайбердіұлы к-сі - Қошқарбаев даңғ. - Қарағанды тас жолы - Армандастар к-сі (Интернациональный т/а) - Көксай к-сі - Интернациональный т/а шығатын жол - Қарағанды тас жолы - №37 автобустың бағыты бойынша Жібек жолы т/а кіретін жол - соңғы аялдама «Жібек жолы т/а».
Автобустың кері қайту кестесі де осындай (Кенесары к-сі - Жеңіс даңғ.- Сейфуллин к-сі).
№23 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі: «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі Абылай хан даңғ. - Манас к-сі - соңғы аялдама «Аймақаралық аудандық аурухана». Автобустың кері қайту кестесі де осындай.