Астанада кейбір қалалық маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді

Атап айтқанда:
- № 12 маршрут: Қонаев к-сі - Орынбор к-сі - Алматы к-сі - Қабанбай батыр даңғылы, одан әрі Достық көшесіне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 18 маршрут: Қонаев к-сі - Орынбор к-сі, одан әрі Достық, Сауран және Керей, Жәнібек хандар көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №28 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық к-сі - Қонаев к-сі - Тұран даңғылы - Сығанақ к-сі - Қабанбай батыр даңғылы - Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық және Сауран көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №32 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық к-сі - Орынбор к-сі, одан әрі Достық және Қонаев көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №40 маршрут: Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Тұран даңғылы, одан әрі Орынбор, Достық және Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- №46 маршрут: Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық к-сі - Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Түркістан к-сі - Сарайшық к-сі, Достық көшесіне кірмейді;
- №50 маршрут: Керей, Жәнібек хандар к-сі - Орынбор к-сі - Сарайшық к-сі - Түркістан к-сі - Қонаев к-сі - Орынбор к-сі, Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді;
- № 51 маршрут: Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Тұран даңғылы, одан әрі Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 52 маршрут: Қонаев к-сі - Орынбор к-сі - Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сығанақ, Сауран көшелеріне кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- № 56 маршрут: Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Хан Шатырды айналып шығады - Тұран даңғылы - Қонаев к-сі, Достық пен Сығанақ көшелеріне кірмейді;
- № 60 маршрут: Орынбор к-сі - Керей, Жәнібек хандар к-сі, одан әрі Достық пен Сауран көшелеріне кірмейді;
- № 101 экспресс-маршрут: Орынбор к-сі - Қонаев к-сі - Тұран даңғылы - Сығанақ к-сі, одан әрі Достық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылына кірмей, бұрынғы сызба бойынша;
- қала маңына қатынайтын № 300, 305, 312 маршруттар: Тұран даңғылы - Хан Шатырды айналып шығады - Тұран даңғылы, Қабанбай батыр даңғылы мен Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт - Хан Шатырдың артына тоқтайды;
- қала маңына қатынайтын № 302, 303, 308, 309 маршруттар: Қабанбай батыр даңғылы - Қонаев к-сі - Хан Шатырды айналып шығады - Тұран даңғылы, Достық көшесіне кірмейді. Соңғы пункт - Хан Шатырдың артына тоқтайды.
Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі.