Астанада кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 маусымнан бастап елордада Сығанақ көшесін Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап М3 көпірге дейін және Шәмші Қалдаяқов көшесін М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін кеңейтуге байланысты кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгереді:

Астанада кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді

- № 4 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Ж. Нәжімеденов және Ш. Қалдаяқов көшелерімен жүрмейді;

- № 14 маршрут: Б. Момышұлы даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін, Қ. Аманжолов көшесін айналып өтеді;

- № 21 маршрут: Д. Қонаев көшесінен Р. Қошқарбаев даңғылымен Байтұрсынов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесімен жүрмейді;

- № 32 маршрут: Орынбор көшесімен, Қошқарбаев даңғылымен және Байтұрсынов көшесімен Достық көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін, Нәжімеденов және Қалдаяқов көшелерімен жүрмейді;

- № 51 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ және Сауран көшелерімен жүрмейді;

- № 52 маршрут: Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін, Сығанақ көшесіне кірмейді;

- № 55 маршрут: Тұран даңғылынан Сарайшық көшесімен жүреді, Сығанақ, Түркістан, Достық және Орынбор көшелеріне кірмейді.

Айта кетейік, қалалық жолаушылар көлігінің бұрынғы қозғалыс сызбасы Астана қаласының көше-жол желісінде жөндеу жұмыстарының аяқталуына қарай қалпына келтіріледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.