Астанада кейбір тағам түрлеріне баға арзандады

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада наурыз айында күнбағыс майы, май, қант, құс еті, қарақұмық сияқты әлеуметтік мәні зор тағамдар мен бірқатар көкөніске баға арзандады. Бұл туралы astana.kz сайты қалалық статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Сондай-ақ, ведомствоның мәліметі бойынша, қарақұмық 2,7%, күнбағыс майы - 1,4%, қант - 1,3%, тауық еті - 0,6% арзандаған.

Сонымен қатар, макарон өнімдеріне бағаның өсуі (1,7% - 2,4%-ға), тұз және қара шай мен хош иісті қара шайға ( 2,2%-ға), жұмыртқаға (1,4%-ға) және кефирге ( 0,4%-ға) байқалған.

Көкөніс өнімдеріне қатысты биылғы жылдың наурыз айында пиязға (5,8%-ға), картопқа (2,2%-ға), орамжапырақ пен сәбізге ( 2,1%-ға) баға төмендеген. Ал өз кезегінде қияр (6,0%-ға) мен қызанаққа баға (2,4%-ға) қымбаттаған.

Еске салайық, биылғы жылдың ақпан айында баға ет пен көкөніске арзандаған болатын. Сондай-ақ, өткен айда қой еті (2,3%) мен сиыр етіне (2%), картоп ( 4,2%) пен сәбізге ( 4,1%) баға төмендеген еді.

Соңғы жаңалықтар