Астанада кейінгі жылдары туризм саласы қарқынды дамуда

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Елорданың экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі - туризм болып табылады.
None
None

Бурабай, Зеренді, Қорғалжын сияқты табиғи әсем аймақтар мен елорданың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі айтарлықтай оң өзгерістер туристік қызметтің кеңінен етек алуына зор мүмкіндіктер туғызып отыр. Өзіндік сәулет ерекшелігі мен сұлулығы, инфрақұрылымдық әсем келбеті бар мемлекетіміздің жас астанасына деген үлкен қызығушылық пен тағы басқа да жағымды көрсеткіштер туризм саласын өркендетудің басты кепілдіктері екені белгілі.

Елорданың реми сайтының жазуынша, 2000 жылы қалада жеке кәсіпкерлікті қосқанда тек 48 туристік фирма мен 18 қонақ үй тіркелген.

Ал 2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Астана қаласында жеке кәсіпкерлік қызметін қоса есептегенде 270 туристік фирма мен 135 қонақ үй бар екені белгілі болып отыр. Мұндай өсім елордаға, біздің мемлекетімізге деген қызығушылықтың өркендей түскен маңызын көрсетеді.

Қазақстанға, оның ішінде Астанаға келіп жатқан туристер саны жыл санап еселей артуда. Статистика департаментінің хабарлауынша, қалада 2012 жылы туристік фирмалар мен қонақ үйлер 637,4 мың туристке қызмет көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар