Астанада ҚФФ Атқарушы комитеті мен Лига кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтар күні Астанада Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитеті мен Лига кеңесінің отырысы өтеді.
None
None

Бұл туралы «ҚазАқпарат» «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атқарушы комитет отырысының тақырыбы өткен жылдың қорытындыларын шығарып, 2019 жылғы маусымға жұмыс құжаттарын бекіту болмақ.

Сондай-ақ Лига кеңесінде техникалық орталық бойынша ұсыныстар, жаттықтырушы кадрлар және былтырғы есеп беру жұмыстары талқыланады.

ҚФФ-ның конференциясы ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында өтетіні күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар