Астанада ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тәртібімен Қазақстан xалқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы өз жұмысын бастады.

Астанада ҚХА сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

Онда «ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес, Ассамблея мүшелері Ассамблея сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді бастады.

Сессия жұмысына елдің барлық өңірдерінен, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымнан тұратын делегациялар, ҚР-да тіркелген xалықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ қатысуда. Сағат 07:00-де Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша арналған пунктті ашты.

Айта кетейік, ҚР Парламенті мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеиясы атынан сайланады. 

Еске сала кетейік, 2 наурыз күні ҚХА атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын.