Астанада ҚХЛ Жұлдыздарының матчы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана 2018 жылы Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздарын қабылдайды.
Шараның нақты датасы әлі аталмауда.
Sports.kz сайтының жазуынша, ҚХЛ Жұлдыздарының 2017 жылғы матчы 21 қаңтар күні Уфада өтті.
Алдағы маусым лиганың 10-ыншы - мерейтойлық матчы болмақ.