Астанада киiз өнiмдерiнiң «Ғасырлар өрнегi» атты көрмесi ашылды
Аталған көрме мұражайдың «Үкiлi үмiт» атты жастарды қолдау арнайы жобасының аясында ұйымдастырылды.
«Бүгiн бiздiң мұражайда екi автордың жұмыстары ұсынылып отыр. Бiрақ олар бiр табиғи өнiммен - киiзбен жұмыс жасайды», - дейдi ҚР Тұңғыш Президентiнiң мұражайы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева.
Оның айтуынша, бүгiнде ұлттық нақыштағы табиғи өнiмнен жасалатын бұйымдар халықаралық аренада және сауда алаңдарында үлкен сұранысқа ие.
«Бұл екi автор қазақстандық брендтi, ұлттық мәдениетiмiздiң бiртумалығын әлемдiк деңгейде танытып жүр. Олардың қолынан шыққан ерекше бұйымдар кез келген интерьерге келiсiп, жарасымды үйлесiм табады. Сондықтан олардың еңбектерi үлкен сұраныстан ешқашан қағылған емес. Көрмеге З. Оралбаеваның 20 дүниесi мен А. Хайролланың 18 көйлегi қойылған», - деп атап өттi К. Ақтаева.
Зәмзегүл Оралбаева 1975 жылы Ақмола облысында Оразақ ауылында туған. 2001 жылы ҚР Суретшiлер одағының мүшесi атанды, «Шабыт» халықаралық фестивалiнiң лауреаты.
Әсел Хайролла 1988 жылы Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында туған. Модельер арасында өткен түрлi халықаралық байқаулардың дипломанты.
«Ғасырлар өрнегi» көрмесi бiр айға созылып, 3 тамыз күнi аяқталады.