Астанада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Даулет» спорт кешенінде ҚР МСМ, қалалық әкімдік, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен балалар, жасөспірімдер, жастар, әйелдер және ерлер арасында киокушинкай-кан каратэден «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирі өтті.
Байрақты бәсекеге еліміздің 12 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің 6 өңірінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Турнир екі бөлікке бөлінді: кумитэ және ката.
Айта кетейік, Испаниядан бұл доданың құрметті қонағы ретінде киокушинкай-кан каратэнің әлемдік жұлдызы, әлем чемпионы, Еуропаның 10 дүркін чемпионы - сэнсэй Алехандро Нарварро (қара белбеу, III дан) арнайы келді.
Барлық спортшылар дипломдармен, медаль, естелік сыйлықтармен марапатталды.