Астанада киокушинкай каратэ-додан халықаралық ІІ турнир ашылды

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП 10 жылдығына арналған киокушинкай каратэ-додан ІІ халықаралық турнир ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сайысқа Алматы, Өскемен, Семей, Аягөз, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Ақтау және Астана қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің бес қаласынан киокушинкай мектептерінің оқушылары қатысты. Турнир 8 бен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ 16-17 жастағы қыздар мен жігіттер арасында ұйымдастырылды. Қазақстандық киокушинкай каратэ-до федерациясының президенті Әлімжан Молдағалиев атап өткендей, турнир 200-ден астам спортшының өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік берді. Сайыстарға киокушинкай мектебінің негізгі бағыттары - шин-киокушинкай каратэ, киокушинкай-кан каратэ және киокушинкай каратэ өкілдері қатысты. Турнир қорытындылары осы спорт түрінен қазақстандық федерация мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің алдағы уақытта елімізде киокушинкай каратэ-додан бірыңғай турнир өткізуіне және оның қазіргі бағыттарын саралауға мүмкіндік бермек.
Соңғы жаңалықтар