Астанада «Киокушинкай карате» ? есірткіге қарсы» ұранымен жүгіру өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат – Ертең елордадағы Отан қорғаушылар алаңында «Киокушинкай карате» – есірткіге қарсы» ұранымен жүгіру өтеді.
Бұл шара «Астана - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы жоспарының 5.1-ші тармағын аясында азаматтарды жүйелі түрде дене-шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмірді насихаттау мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Нашақорлық проблемасы ? бүгінгі күні қоғамның ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Әлеуетті органдардың басым бөлігі есірткі бизнесіне қарсы белсене күресетініне қарамастан, Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың саны, әсіресе жастар арасында күннен-күнге өсіп келеді.Жүгіру Манас көшесі («Отан қорғаушылары» алаңынан) ? Ташенов көшесі ? Есіл өзенінің жағалауы ? Кенесары көшесі арқылы «Конгресс холл» сарайының бағытында өтеді. Бұл іс-шараны өткізуге «Киокушинкай карате-до» мектебінің 300-дей оқушысын тарту жоспарланған.