Астанада киокушинкай каратэдан «ТМД кубогы» VI Халықаралық турнирі басталды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Алау» спорт кешенінде киокушинкай каратэдан «ТМД кубогы» VI Халықаралық турнирі басталды.
None
None

Балалар, жасөспірімдер, жастар, қыздар, әйелдер және ерлер арасындағы додаға Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның 250 спортшысы қатысуда. Олар 28 жиынтық медальды өзара сарапға салуда.

ҚР Киокушинкай каратэ-до федерациясының президенті Әлімжан Молдағалиевтің айтуынша, биылғы бәсекелерге қырғыз спортшылары алғаш рет қатысып отыр. «Бұған дейін ТМД кубогы үшін тек Қазақстан мен Ресей каратэшылары ғана таласқан. Енді, тәжірибе аясы кеңейетін болды. Себебі осы іспетті жарыстарды өткізудің басты мақсаты - өзара тәжірибе алмасып, үздіктерді анықтау. Бұл турнирден кейін Әлем чемпионаты, Қазақстан чемпионаты, Ресей Федерациясының Каспий кубогы сияқты жарыстарға баратын ұлттық құрамамыз жасақталады», - дейді Ә.Молдағалиев.

Соңғы жаңалықтар