Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 4 шілдеде Абай ескерткіші алдындағы алаңда елорданың 18 жылдығына орай «Ұлы дала, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы, Мәңгілік ел - Тәуелсіз Қазақстан!» атты кітап және поэзия фестивалі өтеді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Астанада кітап және поэзия фестивалі өтеді

Фестиваль Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қолдауымен ұйымдастырылады.

Іс-шараның мақсаты-мәдени дәстүрлерін сақтау және елорданың мәдени салтын дамыту: жас авторлардың танылған сөз шеберлерімен қарым қатынасына жәрдемдесу, оқырмандар мен іс-шараның қонақтарын жас ақындармен және өнер шеберлерімен таныстыру.

 Кітап және поэзия фестивалі ретінде ойластырылған бұрын-соңды болмаған поэтикалық форум белгілі, сондай-ақ жас, талантты авторлардың поэзияға қызығушылығын арттыру, шығармашылықта өзін-өзі таныту және жеке тұлғалық дамуды жандандыруға бағытталған.

 Фестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жыл; Жамбыл Жабаевтың туғанына 170-жыл; саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл; ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуы сияқты мерейтойлық шараларға орайластырылып отыр.

Кітап және поэзия мерекесі дәстүрлі түрде ұлы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, оған  ақын-жазушылар Марфуға Айтхожина, Серік Тұрғынбек, Тұрсын Жұртбай, Бақытжан Қанапиянов, Несіпбек Айтұлы, Табыл Құлиясов, Алдан Смайыл, "Нұр Отан" партиясының өкілдері қатысады.