Астанада «Климаттың өзгеруіне бейімделу: Қазақстан үшін қатерлер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бірлескен жобасы аясында болатын шараға климаттың өзгеруіне бейімделу, бейімделу шараларын жүзеге асыруға арналған климаттық тәуекелдерді және қаржылық құралдарды басқару саласындағы халықаралық сарапшылар қатысатын болады. Сонымен бірге, оған Қоршаған орта, Ауыл шаруашылық, Экономикалық даму және сауда министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» қорының, «ҚазАгро» холдингінің, БҰҰ Даму бағдарламасының, ҚР Президенті Әкімшілігінің, басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар жобаларының өкілдері қатысатын болады.
Айта кетейік, Қазақстан 2009 жылы Киота хаттамасын ратификациялап, климаттың жаһандық өзгеруінің алдын-алу жөніндегі дүниежүзілік қозғалыстың толыққанды қатысушысы атанды.