Астанада қоғамдық көлiктегi жолақы құны қымбаттамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық көлiктегi жолақы құны қымбаттамайды. Бұл туралы Астана қалалық Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов мәлiм еттi.
None
None

«Жол жүру құны қайта каралмайды. Биыл билет бағасы көтерiлген. Ендi оның деңгейi қазіргі белгіленген 90 теңгеден аспайды», - деп атап өттi Р.Аманжолов.

Әкiмдiктiң баспасөз қызметiнiң мәлiметi бойынша, қаладағы қоғамдық көлiктер күнiне 720 мың адамды тасымалдайды.

Соңғы жаңалықтар