Астанада қоғамдық көлiктерде жолақы төлеудiң автоматтандырылған жүйесі енедi - И. Тасмағамбетов

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық көлiктерде жолақы төлеудiң автоматтандырылған жүйесі енедi. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің жеке блогында мәлім етті.

Астанада қоғамдық көлiктерде жолақы төлеудiң автоматтандырылған жүйесі енедi - И. Тасмағамбетов

Қала басшысының айтуынша, iс жүзiнде блогқа түсетiн барлық хаттардың 10% қалалық жолаушылар көлiгінің қызмет түрлерiн ұсыну сапасына байланысты болып келеді. Олардың басым бөлігінде жүргiзушiлер мен кондукторлардың қызмет көрсету мәдениетiнiң төмен деңгейi туралы сөз болады.

«Жолаушылар автотасымалының сапасын бақылау үшiн GPS-навигация жүйесi орнатылды, ендігі кезекте жолақы төлеудің автоматтандырылған жүйесi енгізілуде» - дейді И. Тасмағамбетов.

Әкімнің атап өткеніндей, ағымдағы жылы 180 жүргiзушi жұмыстан шығарылып, 500 кондуктор бiлiм беру орталығына қайта дайындалуға жiберілді, 59 лауазымды тұлғаға айыппұл санкциясы салынған.

Әкімнің ақпараты бойынша, соңғы үш жылда 250 «Газель» шағын автобустары бар және жолаушылар автобус паркі 70-90 пайызға тозығы жеткен 11 автопарктан автобустарын жаңалап, еуро-3 стандарттарын енгізуге міндеттеме алған тек 7 автопарк қалдырылды.