Астанада қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық деңгейі артты - прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар жиырма пайыздан астам көрсеткішке артты.

Астанада қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық деңгейі артты - прокуратура

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында елорда прокуратурасы басқармасының прокуроры Ерлан Сәрсенов мәлім етті.

«Астанада 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы қылмыстың 0,7 пайыз деңгейіндегі біршама өсімі тіркелді, оның ішінде қоғамдық жерлерде орын алған қылмыстар 22 пайызға өсті»,-деді ол.

Ол биылдың басынан бері елімізде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енгенін және бұл құжат өзгерістерге ұшырағандығын еске салып өтті.

Бұрынғы кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтар тұрғысында 11 бап болатын еді. Биыл оның біреуі, яғни есірткі заттары мен прекурсорларды заңсыз пайдалану қылмыстық әрекетке ауыстырылды. Сонымен қатар жаңа кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл айтарлықтай көтерілген.