Астанада көкөніс өнімдерінің бағасы төмендеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жұмада Астананның сауда нүктелерінде көкөніс өнімдерінің кейбір түрлері арзандаған. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазагромаркетинг» АҚ хабарлады.

Астанада көкөніс өнімдерінің бағасы төмендеуде

Жүргізілетін баға мониторингісіне сәйкес, еліміздің оңтүстік аймақтарында жаппай картоп сорттарының жиналуына байланысты оның бағасы 28%-ға және қызынақтың бағасы 23,6%-ға, қиярдың 21,5%-ға арзандаған. Сондай-ақ, отандық өндірушілер нарықты ерте піскен орамжапырақпен толтыруда. Нәтежесінде оның алып-сатар бағасы 47%-ға төмендеген.

Бұдан бөлек тәтті бұрыштың көптеп сатылуына байланысты, өнім 10%-ға арзандаған. Жұмыртқа мен сиыр етінің бағалары да 4%-ға дейін төмендеген.