Астанада көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Жаңажылдық мереке күндері травматология бөлімшесіне 240 адам көмек сұрап келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті

«2018 жылдың 31 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия» ғылыми-зерттеу институты» РМК жанындағы травматология пунктіне медициналық көмек көмек сұрап 240 адам жүгінді. Оның ішінде 140 адам көшеде жарақат алған. Жарақаттың басым бөлігі - жаралап алу мен сынық», - делінген таратылған мәліметте.

Емдеу мекемесінің дерегінше, медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі, яғни 87 адам 2 қаңтар күні келген. Олардың 48-і көктайғақ салдарынан жарақат алған.

«Қысқы кезеңде травматология пункт күн сайын шамамен 70 адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта пункт штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді баспасөз қызметі.