Астанада «Көктем-2013» республикалық командалық-штабтық жаттығулар басталды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада көктемгі кезеңде тасқын су басудан орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою тақырыбына арналған «Көктем-2013» республикалық командалық-штабтық жаттығулары басталды.
None
None

«Шығыста, солтүстікте және Қазақстанның орталығында көктемгі су тасқындарының шарықтаған шағы 20 наурыз бен 10-15 сәуірге дейінгі аралықта болады деп күтілуде. Астанадағы жағдай да осы уақыттарда тым күрделі болмақ», - деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов.

Соған орай, екі күндік жаттығуда ауа райының күрт жылынуы кезінде ықтимал сценарийлер жасалып, тыңғылықты дайындық тағы бір пысықталмақ.

Аталмыш жаттығуға орталық және жергілікті атқарушы органдар, республикалық және жергілікті төтенше жағдайлар қызметтері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссиясы, сонымен қатар басқа да министрліктер өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар