15:04, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Астанада «Көктем сыйлығы» атты жәрмеңке ашылды
АСТАНА. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Конгресс-Холлда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Көктем сыйлығы» атты жәрмеңкесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Мұнда алыс және жақын шетелдерден келген 50-ден астам компаниялардың өнімдері қойылған. Олардың қатарында Испания, Италия, Ресей, Түркия, Үндістан, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдер бар. Жәрмеңкеге киімдер, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар, балалар ойыншықтары, төсек жабдықтары шығарылды», - деді жобаның директоры Дана Морозова.Жыл сайын өтетін жәрмеңке наурыздың 3-іне дейін өтеді.