Астанада көктемгі санитарлық тазалау жұмыстары басталды

Тазалық
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Көктемнің жылы күндерінің басталуымен елорданың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, белгілер, қоршаулар, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстардан тазартылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Қазір арнайы техниканың көмегімен тротуарлар мен жол жабындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізіле бастады. 

Қолмен және техниканың көмегімен жол жиегі тазаланады. Сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандары еріген суды сорады.

тазалық
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда елорданың бес ауданында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іс-шараға 1000 арнайы техника бірлігі және 2300 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Акцияға 35 мыңға жуық қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, жастар, еріктілер, аудан белсенділері қатысты.

Тазалық
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада жалпы 60 мыңға жуық тонна қоқыс жиналып, шығарылды. Тазаланған аумақтың ауданы 52 млн шаршы метрден асады.

Биыл Наурыз мерекесі Қазақстанда 10 күн бойы аталып өтуде. 23 наурыз күні - Наурызнамның онкүндігіндегі Тазарту және жаңару күні екенін еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар