Астанада қоқыс салатын контейнер жанынан оқу гранатасы табылды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада қоқыс салатын контейнер жанынан оқуға арналған граната табылды.

Астанада қоқыс салатын контейнер жанынан оқу гранатасы табылды

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылғыны кеше кешке елорда тұрғыны тауып алған. «Кеше кешке сағат 18.54-те Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны қоқыс салатын контейнер жанынан Ф-1 оқу гранатасын тауып алды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш затты Астана қаласы ІІД Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәркіледі.

Қауіпті жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД жеке құрамындағы 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.