07:39, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Астанада қоқыс жәшігінен танкіге қарсы мина табылды - ҚР ТЖМ
АНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада қоқыс жәшігінен танкіге қарсы мина табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Жарылғыш затты жергілікті тұрғын Жеңіс күні таңертеңгі сағат тоғыз жарымда Алматы ауданы, 4-ші шағынауданындағы жер үйлердің маңындағы қоқыс жәшігінен тауып алған. Анықталғандай, танкіге қарсы УТМ-62М үлгісіндегі мина оқу-жаттығуға арналған.
Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметі жұмылдырылды, соның ішінде ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 12 адамы мен 2 техникасы бар.
ҚР ІІМ-ның мамандары минаны жою үшін алып кетті.