Астанада қоқысқа қатысты 200-ден астам құрылыс компаниясына айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Абаттандыру ережесін бұзған құрылыс компанияларына 16 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің медиа орталығы .
None
None

Он бір ай ішінде елордалық полиция қызметкерлері қала мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзған 225 құрылыс компаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 15,905 млн теңге болды.

Кәсіпорындарға айыппұлды уақтылы қарды, мұзды, іргелес аумақтарды қоқыстан тазаламағаны үшін және құрылыс материалдары мен қалдықтарын құрылыс учаскесінің аумағынан тыс жинағаны, қоршауының болмағаны, жүк көліктердің дөңгелектерінің жуылмағаны үшін және т. б. салды.

Соңғы жаңалықтар