Астанада қоқыстан сәби табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 сәуір күні шамамен таңғы төрттер шамасында үйіне қайтып келе жатқан ерлі-зайыптылар далада қараусыз қалған шақалаққа тап болған.

Астанада қоқыстан сәби табылды

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана «Алматы» аудандық ІІД-нің кезекші бөліміне көшеде жаңа туған нәресте табылғаны жөнінде хабарлама түскен. Ерлі-зайыптылар, қасында тағы бір танысы бар таңға таман үйіне қайтып келе жатқанда қоқыс жәшігінен бір баланың шырылдаған даусын естіген. Жақындап барып қараса, біреу жаңа туған қыз баланы орамалға оралып, пакетке салып тастап кеткен екен. Дереу келіп жеткен «Жедел жәрдем» дәрігерлері балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бөлімшеге алып кетті. Сол жерде қыздың содан шамамен 2-3 сағат бұрын ғана туылғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде баланың анасын тапты. Оның үстінен ҚР ҚК-нің «Қауіпте қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.