Астанада қоқыстарды бөлек жинауға арналған түрлі-түсті контейнерлер қойылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың тұрғын алабтарында қағаз, пластика және аралас қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жаңа пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Астанада қоқыстарды бөлек жинауға арналған түрлі-түсті контейнерлер қойылуда

Осы мақсатта контейнерлер орналасқан аумақта түрлі-түсті жаңа контейнерлер (қағазға - көк, пластикке - сары, аралас қалдықтар үшін - жасыл түсті) қойылады. Пилоттық жоба 36 тұрғын үйді және 17 ПИК-ті қамтиды. Жобаны жүзеге асыру барысында 54 контейнерлік аумақта 108 контейнер орнатылмақ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа үлгісі туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 1 наурыздан бастап БҰҰ даму бағдарламасымен бірге электронды қалдықтарды жинау бойынша жаңа бағдарламаны қолға алу көзделген. Жоба аясында кондоминиум аймақтарында арнайы экобокстар орнатылады.