Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 30-дан астам рейс кейінге шегерілді

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 30-дан астам рейс кейінге шегерілді
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайынан  ұшып шығатын 12 рейс және ұшып келуі тиіс  19 рейс уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazinform Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

IQ437 Qazaq Air Астана-Петропавл

X7351 FlyArystan Астана-Семей

DV1734 SCAT Астана-Алматы DV741

SCAT Астана-Ақтау

DV704 SCAT Астана-Алматы

IQ351 Qazaq Air Астана-Алматы

DV714 SCAT Астана-Алматы

DV736 ЅСАТ Астана-Шымкент

KC7377 FlyArystan Астана-Ақтау

DV813 SCAT Астана-Мәскеу

IQ369 Qazaq Air Астана-Түркістан

X992 Air Astana Астана-Алматы

DV 735 SCAT Шымкент-Астана

DV 1756 SCAT Тараз-Астана

IQ 426 Qazaq Air Қызылорда-Астана

KC855 Air Astana Алматы-Астана

DV 722 SCAT Ақтөбе-Астана

DV 786 SCAT Өскемен-Астана

X7055 Flyarystan Алматы-Астана

DV 743 SCAT Алматы-Астана

KC7318 FlyArystan Қызылорда-Астана

КС 991 Air Astana Алматы-Астана

IQ 428 Qazaq Air Шымкент-Астана

X7352 FlyArystan Семей-Астана

DV 713 SCAT Алматы-Астана

KC208 Air Astana Дубай-Астана

X7906 FlyArystan Кутаиси-Астана

IQ 354 Qazaq Air Алматы-Астана

IQ 3700 Qazaq Air Түркістан-Астана

IQ 352 Qazaq Air Алматы-Астана

DV 8140 SCAT Мәскеу-Астана

«Рейстердің кешігуі жолаушылар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен орын болды, бұл азаматтық авиацияда басымдық болып табылады. Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде рейстің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау ұсынылады. Сонымен қатар әуе компанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кешігу ұзақтығына байланысты қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады», - деді Азаматтық авиация комитетінен.

Соңғы жаңалықтар