Астанада көлігіне тапанша салып жүрген ер адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлігіне тапанша салып жүрген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ер адам «Қылмысқа тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ұсталды.

«Полиция «Lexus RX 350» маркалы көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында 28 жастағы жүргізуші осы жылдың сәуірінде мас күйде рульге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны және жазасын 6 ай бойы қоныс-колониясында өтегені анықталды. Көлікті одан ары тінту барысында «Оса» маркалы тапанша табылды. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде қарудың атуға жарамды екені анықталды», - деп атап өтеді департаменттен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.


Соңғы жаңалықтар