Астанада көлік көпірлерінің астымен өтетін жаяу жүргіншілер көпірлері салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласында көлік көпірлерінің астымен өтетін жаяу жүргіншілер көпірлері салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Астанада көлік көпірлерінің астымен өтетін жаяу жүргіншілер көпірлері салынуда
Видеодан алынған кадр/t.me/astana_newss

««Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында Ақ-бұлақ арнасының бойындағы саябақ кластерлерін жалғайтын жаяу жүргіншілер жолы пайда болады. Сол арқылы қала тұрғындары бір жағалаудан екіншісіне кедергісіз өте алады.

Бүгінде жаяу жүргіншілер үшін жағдайлар жасалып жатыр. Мәселен, бұған дейін «Алатау» спорт кешеніне қарсы беттегі тұраққа арналған орын жаяу жүргіншілер аймағына айналды. Жуырда мұнда бұталар мен үлкен ағаштар отырғызылады.

Сондай-ақ Есіл жағалауында ағаштың берік түрлерінен спорт және ойын алаңқайлары пайда болады.

Басты міндет – қала тұрғындарына қолайлы орта жасау», - делінген мәліметте.