Астанада көлік ұрлаумен айналысып келген павлодарлық азамат қылмыс үстінде қолға түсті

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Астаналық тәртіп сақшылары «Барсетка» жедел-сауықтыру шарасының барысында «Гүлжан» сауда орталығының жанынан 1984 жылы туған Павлодар облысының тұрғынын ұстады.

Астанада көлік ұрлаумен айналысып келген павлодарлық азамат   қылмыс үстінде қолға түсті

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, ұсталған азамат тәртіп сақшыларының назарына бірден іліккен. Ол жол жиегінде тұрған көліктердің ішіндегі заттарға сұқтана қарап жүрген. Ақырында, көліктердің бірін ашып, ішіндегі заттарды ұрламақ болған жерінен қолға түсті. Тексеру барысында оның ұсталғанға дейін «Тойота Прадо» көлігінен барсетка ұрлап үлгергендігі анықталды. Осыған байланысты аталмыш азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның қала аумағында жасалған өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.