Астанада көлік заттарын ұрлады деген күдікпен бір топ азаматтар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көліктердің заттарын ұрлаумен айналысып жүр деген күдікпен бірнеше адамд ұсталды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі. 

Астанада көлік заттарын ұрлады деген күдікпен бір топ азаматтар ұсталды

«Сарыарқа» аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің ауласында тұрған машинаның аккумуляторын шешіп алған күдіктілерді байқап қалған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай жергілікті тұрғындарды ұстады, олардың бірі автомобиль доңғалағын ұрлағаны үшін бұрын істі болған. Қаскүнемдер ұрланған затарды металл қабылдау, шино жөндеу бекеттеріне өткізіп отырған», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.