Астанада көлік жөндейтін орын өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сарыарқа даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысындағы көлік жөндейтін техникалық орталық өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Орталықтың қабылдау бөлмесінеде тамақ жылытатын қысқа толқынды пеш отқа оранған.

«Өрт  болған жерге техникалар мен қызметкерлер жіберілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», - деп хабарлайды Астана қалалық ТЖД.

Өрт сағат 18:25-те толықтай сөндірілді. Жалын 6 шаршы метр жерді шарпыған. 


Сурет: Еркін Шәкірұлы 

Соңғы жаңалықтар