Астанада көліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізудің қажеттілігі талқыланды

деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Шара барысында форум делегаттары міндетті техникалық байқаудың қажеттілігін талқылап, БҰҰ-на қатысушы-елдердің тәжірибелерін қарастырды.
Форум жұмысын ашқан Көлік және коммуникация вице-министрі Қайрат Әбсаттаров атап өткендей, бүгінгі күні республикамызда 610 стационарлық және мобильдік техникалық байқау желілері жұмыс істейді. Осы жылдың 11 айы ішінде 2012 жылы техникалық байқаудан өтуі тиіс 2,1 миллион көлік құралының 1,4 миллионы байқаудан өткен.
Қайрат Әбсаттаров, сонымен бірге ағымдағы жылы көліктерді техникалық байқаудан өткізудің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың жүргізілгені туралы да айтып өтті.
«2012 жылдың басында техникалық байқаудан өткізу коммерциялық ортаға беріліп, көліктердің шығарылған жылына байланысты техникалық байқаудан өткізудің дифференцияланған мерзімі енгізілді, кейбір талаптар алынып тасталды. Техникалық байқаудан өткізу технологиясының жетілдірілуіне байланысты «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Заңға өзгертулер енгізілді. Техникалық байқауды ұйымдастыру мен өткізу ережелері әзірленді. Көліктердің техникалық байқаудан уақытында өтуін бақылауды көздейтін «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді», - деп атап өтті ол.
Шара барысында автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі ұсынылды.
Атап айтқанда, Испания және Латын Америкасында техникалық байқаумен айналысатын компанияның өкілі Джуан Родригез, Испанияда көлігін уақытында техникалық байқаудан өткізбеген автокөлік иесіне 150 еуро көлеміне дейін айыппұл салынатындығын айтып өтті. Ал көлікті байқаудан өткізудің құны орташа есеппен жеңіл автокөліктер үшін 35 еуро, ал жүк көліктері үшін 45 еуроны құрайды. Техникалық байқаудан өткізу кезінде көліктен қандай да бір ақау табылса, көлік иесіне ақауды жоюға уақыт беріледі.
Автокөлік құралдарын бақылау мәселесі жөніндегі тәуелсіз сарапшы Абдель Кессасидің пікірінше, бүгінгі күні техникалық байқауды ұйымдастырудың ең қалыптасқан жүйесі Финляндияда. Бұл елде осыдан 90 жыл бұрын аталған жүйе енгізілген және техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті қолдану оқиғалары кездеспейді екен. Ал, Жапония елінде автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуге өте қатаң қарайды. Техникалық байқаудан өту 100 параметр бойынша жүзеге асырылады, ал тексеру кезінде қандай да бір ақау табылған жағдайда автокөлікті тіпті қайтадан бөлшектеп тастауы мүмкін.