12:48, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Астанада көлікті иемдену мақсатымен «Тойота Ленд Крузер» иесін өлтірген үш күдікті ұсталды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада әйелді өлтіріп, «Тойота Ленд Крузер» көлігін иемденіп кеткен үш күдікті ұсталды.
Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарашаның 13-і күні Астана-Көкшетау тас жолында елорда тұрғыны, 40 жастағы әйел адамның мәйіті табылған болатын. Кейін анықталғанындай, бұдан бір күн бұрын, қарашаның 12-де ол өзінің күміс түсті «Тойота Ленд Крузер» автокөлігіне мініп, үйінен шығып кеткен. Содан бері одан хабар болмаған.
«Қазіргі уақытта полицейлер көлікті иемдену мақсатында кісі өлтіруге барған үш күдіктіні құрықтады. Тергеу амалдары жүргізілуде», дейді Ғ. Шыныбеков.