Астанада көмір бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігі ҚР Инвестиция және даму министрлігімен, тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығымен бірлесіп, халықтың қажеттігі үшін көмір бағасын төмендету туралы мәселені қарастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 
None
None

Астана қаласы отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір  бағасын төмендету туралы бірқатар меморандумды бекітті. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша көмірге төмендегі бағалар бекітілді: «Бек-Айда» ЖК-де - Көктал к 28/1 (Е комбинаты), Жұбанов, 35 «Шұбаркөл» көмірінің бір тоннасының бағасы 13 500 теңгеден 11 200 теңгеге дейін төмендетілді. «Сабина» ЖК - Жабаев к 76 (Қырқыншы станса) «Шұбаркөл»  көмірінің бағасы 13 600 теңгеден 11 400 теңгеге дейін түсірілді. «Северэнергоугольснаб» ЖШС - Промзона к 4/39 (Қырқыншы станса), Герцен к 4/1 «Қаражыра»  көмірінің тоннасы 14 000 теңгеден 13 200 теңгеге дейін арзандатылды; «Умар КЗ» ЖШС - Дулатов к. 182/1, Литейная 44 «Қаражыра» көмірінің тоннасы 14 000 теңгеден 13 200 теңгеге дейін кемітілді.

 Көмір өнімін сатып алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша i-Көмек қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының 109 нөміріне хабарласуға болады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум