Астанада комиссия студенттік жатақханаларды тексеріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарт - Астананың студенттік жатақханаларында рейдтік іс-шаралар басталды, деп хабарлады astana.kz
Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, ведомство қызметкерлерінен, ЖОО өкілдерінен, студенттік жасақтың белсенділерінен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері білім ордаларының жатақханаларын аралап, студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеріп жатыр. Қазіргі кезде комиссия 24 студенттер үйінде болды. Жатақханалардың басым бөлігі таза, жайлы, оларды әдемі безендіруге студенттер де үлес қосқан. Ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ, дейді комиссия мүшелері. Бүгінде Астанада жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 25 жатақхана мен 14 колледж жатақханасы бар. Жатақханаларда жалпы, 13 мыңнан астам адам тұрып жатыр.